«ШЕТ ӨҢІРІ ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» айдары. Шет аудандық өнер мектебінің домбыра сыныбының ұстазы, ҚР күйшілер одағының мүшесі, күйші Асылбеков Айдын Қантайұлының орындауында Әбдидің күйі «Қосбасар».
ӘБДИ РЫСБЕКҰЛЫ (1868-1931) Шет ауданына қарасты Аюлы елді мекенде туып өскен, дәулескер күйші, домбырашы. Қыздарбек күйшінің шәкірті, тамаша күйші, домбырашы Әбікен Хасенұлының ұстазы. Әбди күйші Тәттімбет, Тоқа, Итаяқ, күйлерін, өз замандастарынан Қыздарбек, Ақмолда, Сембек, Мақаш, Ахметжан, Кәрібек күйлерін асқан шеберлікпен орындаған.
Әбдидің шыққан тегі – Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесек руы, оның ішінде Кәрсөн атасынан өрбіген. Әбди өз жанынан көптеген сазды күйлер шығарған. Оның «Зар Қосбасар», «Қарғыс», «Тәуба Қосбасар» т.б. Әбди шығармаларының шырқау шектері болып табылады. Дарынды күйші «ескілікті, социализмге жат өнерді насихаттағаны үшін» деген айыппен 1931 жылы атылады.
Нотаға түсірген Б.Ысқақов. Күй қолданыстағы түрлі әдіс-амалдарымен, сезімдік қуаты, ұтымды, жаңашыл әуенімен, өзіндік орындалу мәнері және саздық жүйесімен ерекшеленеді. «Қосбасар» күйі - үлкен дүниетанымдық ойдан тұратын бітімі бөлек, кесек шығарма.
#Шетаудандық музейі
#сарыарқакүйлері
#dasturli_an_kuiler