Мыс – адамзаттың ең алғашқы игерген металдарының ірі болып табылады. Алғашқы адамдар мыс пен қалайы металын қосып қоланы ойлап тапқан. Мыс рудасы Менделеевтың кестесінде CU болып белгіленеді. Өспен кенішінде мысты игеру ХІХ ғасырдың ортасында бастау алған. Өспен кенішінде Орталық Қазақстандағы ең алғашқы өндіріс ошағы қалыптасып 1964 жылға дейін жалғасын тапқан. Кеніште руда мыстар игеріліп, кей уақыттарда табиғи түрде қорытылып қалған таза тұнба мыстарда табылған.
Суретте Өспен кенішінде табылған тұнба таза мыс көрсетілген. Тұнба таза мыс Өспен ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейіне 2008 ж. тапсырылған. Тапсырған: Тау жыныстарының коллекциясын жинаушы Бәнсет Салықов.