Сембек Айдосұлы  «Наз Қосбасар».

Орындаған Қайрат Мұстафин.

Күйді орындап, бүгінге жеткізуші Дәулетбек Сәдуақасов. Нотаға түсірген Б.Ысқақаов. Құрылымдық әрі орындаушылық тұрғыдан бөлекше көзге түсетін күй. Ықшам келген әуезді иірім төмен-жоғары бағыттарда қайталана келе мағыналы ойды,  жылы сезімді тудырады. Көңілді көтеріп, еңсеңді түсірмейтін деңгейдегі назды әуен орындаушы Дәулетбектің сезімтал саусақтарының ұшынан жанды дыбысқа айналып, ойыңа ой қосып,  қиялыңды оздыра түседі. Шертпеші орындаушылар арқылы рухани қолданысқа еркін кірген өте құнды күй.

#ШЕТ ӨҢІРІ ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ

#шетаудандықмузейі

#сарыарқакүйөңірі

#археологияэтнография

#oner_mektep

#dasturli_an_kuiler