Еңбек ардагерлері ардақталды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні болып мерекеленіп келеді. Осы мақсатпен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ардагерлердің атқарған қызметтерін жас ұрпаққа насихаттау үшін Өспен ауылындағы Сәкен тарихи-өлкетану музейінде көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ҚазССР еңбек ардагері Өзбеков Бақыттың, еңбек сіңірген шахтер Рахымжанов Ильястың, Ленин орденінің иегерлері Сәдуақасов Иса, Төлеубаев Күлжанның, Жеңіс кеңшарының қой шаруашылығын көтерген Бәйкенов Сүйіндіктің фотосуреттері мен жәдігерлері қойылған. Ардагерлерге арналып топтасырылған көрменің негізгі мақсаты - жас ұрпақтың еңбекке шыңдалып, кемел болашаққа нық қадам басуына бағыт-бағдар беру.