БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан Халықаралық Қарттар күні болып белгіленіп, жыл сайын мерекеленіп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – қарияларға, жасы келген адамдарға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөліп, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан Халықаралық Қарттар күні болып белгіленіп, жыл сайын мерекеленіп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – қарияларға, жасы келген адамдарға, жалғысбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөліп, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Осы мақсатта біздің елімізде де іс-шаралар өткізіліп, түрлі мерекелік жобалар ұйымдастырылып тұрады. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Осыған орай, ауданымыздағы мұражайда «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл жолы да атаулы күн ерекше қызықты да тартымды өтті. Мұражайға әдеттегіден көп аға буынды кісілер жиналды. Мерекелік іс-шараға Ж.Ақылбаев мектебінің 8 а сыныбының оқушылары және осы іс-шараға атсалысқан сынып жетекшісі Алимқұлова Ж. өздерінің дайындап әкелген жыр шумақтарынан шашу шашып, аталарының алғысына бөленді. . Осы іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу болып табылады.