Шет ауданының 90 жылдық және ақын, жырау Шортанбай Қанайұлының  200 жылдық мерейтойына орай музей іші  жаңартылып, безендірілді, жаңаша тарихи экспозициялар бой көтерді.

Музейде, шежірелі Шет ауданының 90 жылдық торқалы тойына және ұлы жырау, ақын Шортанбай Қанайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған жаңа экспозицияның ашылу салтанаты болды. 2018 жылдың басты атқарылған жұмыстардың бірі музей экпозициясын қайта құру болып табылады.  Шортанбай Қанайұлының 200 жылдығына орай  залға жырау туралы зерттеп, жазып кеткен ақын, жазушыларымыздың С.Қирабаев, Ж.Қашқынов, Т.Кәкішев, М.Мағауин, К.Жүністегінің сөздері, Шортанбай жыраудың ізбасарлары Қақпан ақын мен Күмісбек молданың сөздері планшетке жазылып ілінді. Экспозицияда  Шортанбай жыраудың картинасы және де музей қорындағы Қақпан ақын мен Күмісбек молданың картиналары орын алды. Жырау ізбасарлары жазылған қабырға планшет жасалды. Сонымен қатар, Шортанбай жырау туралы жазылған әр-түрлі кітап, энциклопедиялар қойылды. Музей қызметкерлері Шортанбай жыраудың 200 жылдығына орай жасаған буклеттер, 1916 жылы Казань қаласынан шыққан «Шортанбайдың балазары» қиссасының көшірмесі, америка ғалымы Томас Виннердің  Шортанбай жырауды зерттеу материалдары қойылды.

 

 

 

 

Ақын, жырау Шортанбай Қанайұлының  200 жылдық мерейтойына орай ашылған зал.

 

Шет ауданына 90 жыл

 

Шет ауданына 90 жыл