Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» деп рухани жаңғырудың маңызына баса назар аударған. Осы көрмеге музей қорындағы атақты адамдар мен шеберлердің домбыралары апарылды.
Ұлттық домбыра күніне арналған «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра!» атты Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Шет аудандық музейінің жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Музыкалық мұраны, қазақ халқының домбырасының ежелгі дәстүрінің мәнін ашу, дәстүрлі қазақ халқының музыкалық аспаптарын насихаттау, домбырамен және аспаптық мәдениетте орындауды жақсы көруге үйрету болып табылады. Сонымен қатар, Шет аудандық музей қорындағы домбыраларға көрме барысында қонақтар қызығушылығын білдіріп жатты. Көрмеге апарылған домбыралар қатарында Әбди күйшінің домбырасының көшірмесі және де Өспен ауылындағы С.Сейфуллин тарихи-өлкетану музейінің қорындағы күйші Әбікен Хасеновтың домбыралары бар.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» деп рухани жаңғырудың маңызына баса назар аударған. Осы көрмеге музей қорындағы атақты адамдар мен шеберлердің домбыралары апарылды. Көрме өз мәнінде өтті.
Өлкетанушы, күйші Ертай Жәнібеков домбыра тарихын айтуда.
Ұлттық домбыра күнінде Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған мерекеде Шет ауданының домбыра аспаптары жайлы С.Қамытбаева әңгімелеу үстінде.