1-3-7 қараша айында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын насихаттау мақсатында «Ауылым-алтын бесігім» атты жылжымалы көрмесі Шет ауданындағы аз қамтылған елді мекендерге агитпоезд кешенесімен бірігіп Нұраталдының Ақсу, Шопа бөлімшелеріне, Тағылы ауылының Қызылту, Қарасаз бөлімшелеріне, Үңірек ауылының Тұмсық, Қармыс бөлімшелеріне музейдегі құнды жәдігерлерді халық назарына ұсынды. Музей директорының міндетін атқарушы Қамытбаева Салтанат көрмеге қойылған жәдігерлерді кеңінен түсіндіріп, ерекшеліктеріне тоқталды. Көрермендер, мектеп оқушылары ынта қоя тыңдады. Музейді-патриоттық тәрбие бесігі деп бекерге айтпас керек. Жүрегі ұлтым деп соққан ауылдағы қазақ руханиятын бір серпілтіп тастады.