Өспен кеңшары (совхоз) – 1964 ж. Нілді кеніші жабылып  орынына құрылған мал шаруашылығы кеңшары. Кеңшар 1964- 1994 ж.ж. жұмыс істеп тұрған.  Кеңшардың негізгі өсірген малы – ірі қара. Кеңшар тарихында үш басшы болған.

  • К. Ладик 1964-1975 ж.ж.
  • Р.Б.Көпбаев 1975-1985 ж.ж.
  • М.Сәдуақасов 1985-1994 ж.ж.

Өспен кеңшары - үш бөлімшеге бөлінген.  Бөлімшелер:

  • Еркіндік бөлімшесі
  • Айғыржал бөлімшесі
  • Айса бөлімшесі.

Әр бөлімшені бөлім басшылары басқарған.

 

Айғыржал бөлімінің басшысы Рахметжан Әбдірахманов

 

Егіншілер кеңшар басшысы Р.Көпбаевпен кездесуде

 

Егістік мерейтойы

 

Егістік науқанының мерейтойы

 

Екі мәрте Ленин орденінің иегері Е. Мақажанов

 

Еркіндік бөлімінің басшысы Тұрсын Жәкешов

 

Кезекті кеңшар жиналысы

 

Кеңшар басшысы К.Ладик,(оң жақта бірінші)

 

Кеңшар басшысы Р. Б.Көпбаев

 

Кеңшар диқаншылары

 

Кеңшардағы басшылықтың жиналысы

 

Өспен кеңшарының жалпы көрінісі

 

 


Сіздердің назарларыңызға назарларыңызға Шет аудандық музейінің филиалы С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Нілді кенішінің тарихы» атты айдарымызды ұсынамыз.

 

«Нілді  кенішінің руда көтергішінің бүгінгі көрінісі».

 

«Нілді  кенішінің  бүгінгі күндегі жалпы көрінісі».

 

«Кеніш  жұмысшыларының  тұрғын үйлері». (1917ж. Қазан төңкерісінен кейін)

 

«Нілді кенішінің кеншілері». (1917ж. қазан төңкерісінен кейін)

 

«Өспен кенішінің басқарма мекемесі». (1917ж. қазантөңкерісінен кейін)

 

«Кеніштегі кен игеру жұмыстары». (1917ж.қазантөңкерісінен кейін)

 

«Кеніште игерілген кенді теміржол байланысы арқылы жіберу».

 

«Кеніштің жалпы көрінісі».

 


Өспен ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейі

Шет аудандық музейінің филиалы

 

 

 

Шет ауданы, Өспен ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейі 2007 жылы Успен кенішіне 160 жыл толуына орай ашылды.  

Шет ауданы әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 28 қарашадағы №6 ұйғарымы бойынша 2008 жылдың 10 сәуірінде музейге Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді.  

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер музейдің баға жетпес қорын құрайды.

Музей ғимараты 1 этажды. Ғимарат толықтай стандарттық  талаптарға сай  жұмыс істеп тұр.

Музей кешені 110,7 шаршы метр жерді алып жатыр. Жалпы көлемі 96,4 шаршы метр.

Музей экспозициялары: «Сәкентану» залы, «Өспен өлкесінің белгілі тұлғалары тарихы» залы, «Өспен өлкесінің  тарихы» залы , «Нілді өлкесінің тарихы» залы.

Өспен ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейінде ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары жоғарғы деңгейде қолға алынуда. Музейге танысу үшін келген көрермен Өспен елді мекенінің қазыналы тарихымен танысып қана қоймай, Сәкен Сейфуллин сынды біртуар азаматтың тағылымы мен сыры мол өмір жолымен танысады.

Музейге халық  назарын арттыру, музейдің денгейін көтеру мақсатында   тарихи құндылығы бар жәдігерлер  жинақталуда.                   

Өспен ауылынан шыққан генерал,

Қорғаныс министрлігінің кадр бөлімінің басшысы

Қайрат Көпбаевқа арналған бұрыш

 

.