View the embedded image gallery online at:
https://shet-muzei.kz/kz/eksponattar.html#sigFreeId3988b369f4

#сарыарқақұндылықтары

Торсық.

Қазақтың көнеден келе жатқан  Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түркімен, қарақалпақ халықтары пайдаланған.

Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келген. Аузына ағаштан тығын жасалған. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды, бетіне қошқармүйіз оюы салынған.

Торсықты  Шет аудандық  археологиялық-этнографиялық музейіне Торғай Игенқызы ауданымыздың 90 жылдық мерейтойында  сыйға тартқан.


#сарыарқақұндылықтары

Ұлттық нақышта ағаштан жасалған қымызға арналған жинақ.

Қымыз ыдысының жиынтығы  8 заттан тұрады.(Шара, ожау, тостаған).   

Ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс.

Музей қорына 2018 жылы Шет ауданының 90 жылдық мерейтойында өлкетанушы Балтабай Боқайтегі сыйға тартқан.

#сарыарқақұндылықтары

Шідер – ат әбзелі. Аттың алдыңғы екі аяғы мен артқы бір аяғына салу үшін қайыстан, жіптен жасалады.

Шідер- иленген сапалы теріден өріліп, есіліп алақан, тиек, тиеккөз шығарып жасалатын маңызды әбзелдердің бірі.

Материалы: қайыс, ағаш тиектер

Өлшемі: 90х90см


#сарыарқақұндылықтары

ДОМБЫРА

Шертпе күй шебері  Қайролла  Дәулетбекұлы Сәдуақасовтың домбырасы.

Қайролла Дәулетбекұлы  - арқадағы шертпе күй дәстүрінің қайта жаңғыруына, бабадан қалған асыл мұраны дәріптеуде үлкен үлес қосқан күйші.

Материалы: ағаш, желім.

2010 жылы музей қорына  Мейрам  Сәдуақасов тапсырған.

 

 

#сарыарқақұндылықтары

Ожау - қымыз, айран, сүт, сусын құюға  қолданылатын ыдыс. Шұңғыл бөліктен және қолға ұстауға ыңғайлы саптан тұрады. Ожау ағаштан, металдан жасалады.Ағаштан жасалған түрлері б.з.б. 2 ғасырымыздан бастап қолданыла бастаған.  

Дәстүрлі қазақ қоғамында дастарханның шырайын келтіретін мүлік ретінде ерекше бағаланған. Оны қазақ шеберлері әр түрлі ағаштардан (тораңғы, емен, т.б.) ойып дайындаған. Кейде сабы ою-өрнектермен безендірілген.

Музей қорындағы ағаш ожауды  2003 жылы Шет ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны О.Жабаев тапсырған.

Материалы: ағаш.

Өлшемі: 7х45 см


#сарыарқақұндылықтары

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің көлемі неғұрлым үлкен болса, оның көмейінен  оттыққа берілетін ауаның қысымы да соғұрлым жоғары болады. Ұста көрігі ағаштан, былғарыдан және металдан жасалған.

Музей қорындағы  көріктің иесі - Теміров Сәрсен. Музей  қорына 1988 жылы алынды.

Өлшемі: 148х25см.


#сарыарқақұндылықтары

ДОМБЫРА

Ақын, күйші, қолөнер шебері Манабаев Шәңгерей Қасымұлының домбырасы.

Шәңгерей Қасымұлы (1926-1993) Шет ауданының оныншы ауылында туған. Жастайынан өнерге бейім болып, ағаштан тұтастай шауып домбыра жасаған.

1987 жылы Алматыда өткен дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайында домбыра жасаушылар сайысында жеңімпаз атанған.

Материалы: ағаш, желім.

Шәңгерей Қасымұлы 1990 жылы Шет аудандық музейіне домбырасын сыйға тартқан.


ТӨС

       Төс — ұстаның түрлі металды қыздырып немесе құрғақтай өңдейтін негізгі құралы. Төстің алдыңғы сүйірлене біткен жағы — тұмсығы, оған қарсы жағы — дүмі, үстіңгі жағы — беті, екі жақтауы -қапталы деп аталады. Төстің беті суғарылған асыл болып келеді.Тұмсығының түбінде, яғни төстің желке тұсында темір кесуге арналған жасық жері, сондай-ақ дүм жағындағы бетінде бір дөңгелек және бір төрт бұрышты тесіктері бар. Дөңгелек тесігіне салып әртүрлі кесу жұмыстары атқарылады. Ал төрт бұрышты тесікке түрлі көмекші құралдар сұғылады. Заттың биіктігі -26 см, ұзындығы -57 см, қалыңдығы-21 см. Материалы: шойын. Сақталуы жақсы.

Музейге  Шет ауданы тұрғыны Теміров Сәрсен тапсырған.


 

#сарыарқақұндылықтары Қыш құмыра. (шамамен 2-3 мың жыл) Материалы: Күйдірілген қыш Шет ауданы Ақсу –Аюлы селосы маңынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Дөңгеленіп келген бүйірі ауыз жағына қарағанда ептеп шығыңқы, түп жағы жіңішкелеу болып келген. Құмыра ернеуінен үшбұрышталып сынған. Өлшемі: ұзындығы 4,5 см, қалыңдығы 2 см, биіктігі 12 см. 1989 жылы Қазақ ССР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының музей қорынан алынған.


 

#НІЛДІКЕНІШІНІҢТАРИХЫ

,,ӨСПЕН ПИОНЕРЛЕР ЛАГЕРІ,, —  шамамен 1940 жылдары салынған.

✓Кеніш кезінде Өспенде пионер лагерін салуды Гущин есімді орыс азаматы ұйымдастырған.

 ✓Лагерьде балалар жататын тұрақ, балалар  ойын-сауық алаңы,  бассейн,  басшылық мекемесі сияқты нысандар болған.

📌Лагерьге 400-500-ге жуық балаларды қабылдау мумкіндігі болған.

🔍Өспен пионерлер лагері 1994ж. жекешелендіру кезінде жабылған.

#Шетмузей

#Сәкенмузей

#Өспенөлкесі


#сарыарқақұндылықтары

📌ТАҒА - көлік малының тұяғының тозбауы және табаны таймауы үшін тұяғына қағылатын темірдің жалпақ бөлігінен жасалған құрал.

📐Таға аттың тұяғына лайықталып жасалады.

✓Таға Өспен ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейіне  2021 ж.  тапсырылған.

Тапсырған: Ауыл тұрғыны  Мұхит Қордабаев.

#Шетмузей

#Сәкенмузей

#Өспенөлкесі


 

 

Балақбау. Қыран құстардың жіліншіктеріне тағылатын арнайы бауды балақбау немесе аяқбау деп атайды. Балақбау-қыран құстың аяғында үнемі бірге жүреді. Ол тұғырдан ұшып кетпес үшін қажет. Қыран құстарға тағылатын бау жұмсақ иленген тері, былғары, жарғақ немесе қыжымнан құстың жіліншігіне лайық тігіледі. Жіліншікті орап, бунақтап тұратын тұсы алақан деп аталады. Шолақ балақбау немесе аяқбау үнемі қыран құстың аяғында болады. Оның ұшындағы шығыршықтар арқылы ұзындығы бір құлаштан астам жіңішке әрі жұмыр етіп өрілген бау өткізіледі. Оны іргебау деп атайды. Іргебау төрт не алты таспадан өріледі.

Музей қорына 1998 жылы белгілі құсбегі, саятшылық өнерді дамытушы, Республикалық, Халықаралық дәрежедегі өткен «Салбурын» жарыстарының ең алғашқы ұйымдастырушысы Тілеуғабыл Есенбекұлы тапсырған.


 

Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттарының тарихы өте тереңде. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бабадан қалған асыл мұрамыз көпке қайта таныла бастады. Рухани жаңғыруда жадыға сақтап, ұлттық кодымызды айшықтайтын, қолдану кезінде пайдасы көп, ағаштан ойылып, ою салынып сапалы жасалған қазақтың көнеден келе жатқан тұрмыстық заттары бүгінгі таңда жәдігерлерге айналған. Қолөнері  дамыған қазақтың тұрмыстық заттары  түгел дерлік ағаштан түйін түйген шеберлердің қолынан шыққаны мәлім. Бабадан қалған асыл мұрамызды ардақтаған жандар қолөнерді қайта жандандыруда. Назарларыңызға қазақтың көнеден келе жатқан ыдыс-аяқтарының бірі– топатайды ұсынамыз. Топатай –  әр түрлі ас тағамдарын сақтауға, су, сүт құюға арналған кішкене  ыдыс. Материалы- ағаштан жасалған. Аталған көне жәдігер музей қорында ертеден сақтаулы.


 

Мыс – адамзаттың ең алғашқы игерген металдарының ірі болып табылады. Алғашқы адамдар мыс пен қалайы металын қосып қоланы ойлап тапқан. Мыс рудасы Менделеевтың  кестесінде CU болып белгіленеді. Өспен кенішінде мысты игеру ХІХ ғасырдың ортасында бастау алған. Өспен кенішінде Орталық Қазақстандағы ең алғашқы өндіріс ошағы қалыптасып 1964 жылға дейін жалғасын тапқан. Кеніште руда мыстар игеріліп, кей уақыттарда табиғи түрде қорытылып қалған таза тұнба мыстарда табылған.

Суретте Өспен кенішінде табылған тұнба таза мыс көрсетілген. Тұнба таза мыс Өспен ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейіне 2008 ж. тапсырылған. Тапсырған: Тау жыныстарының коллекциясын жинаушы Бәнсет Салықов.


Тегене – ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.

 

Тегенені емен,қарағай, қайың, тал («екпе тал»,«боз тал») сияқты кепкен ағаштардан жасайды. Шебер әуелі ағашты суға ұзақ қайнатып алады. Ағаш бойындағы талшықтар жібиді, ағаш майының дәмі шығады. Ағаш жұмсарып,  шапқан кезде жарылмайды. Ағаштан жасалған тегененің іші шұңғылдау, жалпақ ернеулі болады. Сондай – ақ, жиекті, дөңгелек , ағашы қалыңдау болып келеді. Ол әр түрлі көлемде жасалады.Үлкен тегенемен сыйлы адамдарға бас табақ тартылады. Көбінесе ет тағамдары салынатындықтан, тазартуға, жууға оңай болуы үшін бетіне көп өрнектер де ойылмайды. Тегене- қарағай ағашынан жасалған. Өлшемі диаметрі 45, тереңдігі 12 см, ернеуінің жалпақтығы 3 см. Ағаш тегенені музей қорына 1990 жылы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны  Ережеп Тәттімбетов тапсырған.

 

 


 

Байланыс телефоны -  ТАУ -1 – МБ  телефоны карболит материалынан жасалған. Телефон аппараты 1959 жылы Пермь телефон зауытында жасалған. Телефон дауыс беретін тұтқадан және негізгі қуаттағыш бөліктен тұрады. Негізгі қуат келетін бөлігінде тұтқа орналасқан. Тұтқа байланыс абонентін қажетті орынмен байланыстырады. Тұтқаны айналдыра отырып қажетті абонентпен байланыс орнатылады.

 

Жәдігер Өспен ауылындағы Сәкен тарихи-өлкетану музейіне 2016 ж. тапсырылған. Тапсырған жергілікті өлкетанушы Файзолла Нұржанов

 

 


#сарыарқақұндылықтары

Адалбақан - киім ілетін қысқа-қысқа ашалары бар қазақи ұлттық бұйым.   

Адалбақан жеті ашадан тұрады, бас жағы жіңішке иіліп келген. Материалы - қайың ағашы. Сәнді болу үшін шеберлер бұйымның сыртын түрлі-түсті бояулармен өрнектеп сырлаған.  XXғ. Өлшемі 2м×12,5см. Көлемді  зақымданулары жоқ.

Киіз үй жиһазы саналатын адалбақанның жоғарғы басын уыққа тіреп қояды. Шеберлер адалбақанды ағаштан да, темірден де жасап, өн бойын алтын, күміспен де өрнектеген.  Өн бойындағы бұтақшаларына  қазақтың  түрлі  оюлармен көмкерілген ұлттық киімдерін ілген кездегі көрініс ерекше сәнді болған. Қолөнер шеберлерінің жасаған бұл ерекше бұйымын қазақ халқы  таза, қасиетті мүлік санаған. Адалбақанды  Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейіне 1988 жылы Шарипова Бота сыйға тартты.

 

 

#сарыарқақұндылықтары

Есепшот - ең алғашқы пайда болған есептеу құралы болып табылады.

 

Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Мысыр, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.

 

Есепшот Өспен ауылындағы Сәкен тарихи-өлкетану музейіне 2018 ж тапсырылған.

 

Тапсырған: Өспен ауылының тұрғыны Гулбану Илдебаева.

#Өспенөлкесі

#Шетмузей

#Сәкенмузей

 

 


Мойынағаш (ХХ ғ. басы) – иыққа салып су тасуға арналған имек ағаш. Тұрмыста  қолданылатын ең қарапайым құралдардың бірі.

  • Мойынағашты -иінағаш, иық ағаш, әпкіш деп те атайды.
  • Ұзындығы 2 – 3 құлаш, жуандығы, 3 елідей берік ағаштан жасалған, ұшына темір  ілгек тағылған. Жас тал қайыңды сәл иіп немесе имек өскіндерінің иыққа келетін тең ортасын жалпақ етіп, ал екі иінінжұмырлап жонған, екі ұшына байланған 2 қарыс ұзын сымға шелек ілетіндей темір ілгек орнатқан. 
  • Жәдігерді Өспен ауылындағы Сәкен тарихи-өлкетану музейіне 2014 ж. Өспен ауылының тұрғыны Әбішева Сара тапсырған. Жәдігер әкесі Әбішев Шәбденге тиесілі болған.


Шет аудандық  археологиялық-этнографиялық музейінің  қор жиынтығында 3 мыңнан астам  музей жәдігерлері бар.

Қорды жүйелі түрде толықтыру жұмыстары – музей ісіндегі басты ғылыми бағыттардың бірі. Музей қоры бірнеше жолдармен толықтырылады. Негізгі түсім көзі - жекелеген ұйымдар мен тұлғалардың сый-тартулары, сондай-ақ жинақтау жұмыстарын жүргізу және арнайы тақырыптарды зерттеу үшін ұйымдастырылған этнографиялық экспедициялар нәтижесінде алынған заттар болып табылады. Музей қоры ауданымыздағы белгілі тұлғалар, ғылым, білім, өнер, тарих, және ҰОС ардагерлерінің жеке заттарымен  ұдайы толықтырылып отырады.  Сонымен қатар, музейдің археологиялық жиынтығында қола дәуірі, ежелгі темір ғасырының бірегей туындылары ұсынылған.


 

  

#сарыарқақұндылықтары        

Қазақтың ұлттық үй жиһазы – ағаш кереует.  Екі басы тік болып келген (жоғары және төмен), қапталынан (алдыңғы және артқы) және шабағынан тұрады. Биіктігі – 100 см, көлденеңінен – 190 см, ені – 80 см. Кереуеттің жасалу технологиясы: қарағай ағашын кептіріп, тегістеп, өңдей отырып дайындалған қатты  тақтайлардан жасаған. Кереует үш  бөліктен тұрады.Төсектің басы (жоғары және төменгі), қапталынан (алдыңғы және артқы) және  шабағынан тұрады. Ағаш кереуеттің барлық бөліктері алынбалы-салынбалы. Сыртқы қоршауларына ою-өрнек түсіруге қолайлы болғандықтан жөке ағашы пайдаланған. Кереуеттің беткі жағы төрт бөлікке бөлініп, ою-өрнектермен көркемделген. Бедерлі оюлар «Гүл» өрнектері жарасымды салынған.  Ағаштың түсіне ұқсас ақ-сары  және қызыл-қоңыр түстермен боялған.

 

Жәдігердің бір ерекшелігі – бір шегесіз, желімсіз құрастырылған. Бұл ағаш  кереуетті музей қорына 1988 жылы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Ғайныш Сақыпова тапсырған. Иесі: Рахымбеков Сақып.

 

#Шетаудандықмузейі#ағашкереует#этнография


Археологиялық жәдігерлер

 

 

Қыш ыдыс. Б.э.д. XIV-XIII ғғ.

Керамический сосуд. XIV-XIII вв.до н.э.

 

 

 

Аңның азу тістері.  

Просверленные клыки.

 

 

Қола жебенің ұштары.

Бронзовые наконечники стрел.

 

 

Қола моншақтар.

Бронзовые бусы.

 

 

 

Этнографиялық жәдігерлер

 

 

 

Домбыра. XX ғ.

Жасаған ағаш шебері – Манабаев Шәңгерей.

 

 

 

Домбыра. XX ғ.

Шертпе күй шебері Әбікен Хасенұлының домбырасы.

 

 

 

Домбыра. XX ғ.

Жасаған шебер – Смағұл Ғабдоллаұлы. 1960 ж.

 

 

 

Домбыра. XX ғ.

Жасаған ағаш шебері –  Аманжол Рахымжанұлы.

Әбди күйшінің домбырасының көшірмесі.

 

 

 

 

Домбыра.  XX ғ.Шертпе күй шебері

Қайролла Дәулетбекұлының домбырасы.

 

 

 

 

Домбыра. XX ғ.

Шертпе күй шебері, Қыздарбек мектебінің

дәстүрін бүгінгі күнге жеткізуші Дәулетбек Сәдуақасұлының домбырасы.

 

 

 

  

Қобыз. Ағаш. Жылқының қылы. XIX ғ.

Кобыз – смычковый музыкальный инструмент. XIX в.

 

 

 

Оқшантай. Оқ-дәрі салуға арналған қалта. Ағаш, былғары. XX  ғ.

Патронташ. Дерево, кожа. XX  в.

 

 

 

 

Үккіш. (насыбай келі). Ағаш, қашау. XX ғ.

Сосуд для насвая. Дерево, резьба. XX в.

 

 

 

Ағаш тегене. ХIX  ғ.

Деревянная чаша. ХIX в.

 

 

 

 

Топатай. Сүт құятын ағаш ыдыс. ХIX  ғ.

Посуда для разлива молока. ХIX  в.

 

 

 

 

 

 

Ер-тоқым. Ағаш, қайыс, металл, асыл тас. ХХ ғ.

Седло. Дерево, кожа, металл, камень. ХХ в.

 

 

 

Пәуеске. ХІХ ғ.соңы. Қаңылтыр, темір, резина

Повозка. XIX в. Железо, резина

 

 

 

Ағаш төсек.  ХІХ ғ. ағаш.

Деревянная кровать. XIX в. дерево.

 

 

 

Тас мүсін. Ерте темір дәуірі. Ұсақ түйірлі тас.

Каменный изваяния. Ранний железный век. Мелкозернистый камень.

 

Тас мүсіндер - тастан жасалған адам бейнесі. Адам бейнесіндегі тас мүсін, Сарыарқа өңірінен табылған, ерте темір дәуірімен мерзімделетін мүсіндер тобына жатады.  Ақшыл қоңыр түсті ұсақ түйірлі тастан жасалған, сұрғылт түсті. 2012 жылы Қарағанды облысында жүргізген зерттеулер нәтижесінде, археолог Л.Н.Ермоленко және Ж.К.Құрманқұлов  Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейіндегі сақтаулы, құжатталмаған тас мүсінді зерттеп,  ғылыми айналымға енгізді.

 

 

 

 

Қыпшақ тас мүсіні. IX ғ.ортасы -XII ғ.

Кыпчакское  изваяние. серед.IX в.-XII в.

 

 

 

Қыпшақ тас мүсіні. 

Кыпчакское  изваяние.