Пятница 29 Августа 2014

image0020Жақында аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайының ұйымдастыруымен, қазақстандықтардың тікелей дауыс беру арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған, Ата заңымыздың дүниеге келуінің 19 жылына арналған «Айбыны асқақ – Ата Заң!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Кешке орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері, «Жасыл ел» бағдарламасының жастары қатысты. Кешті ұйымдастырушы мұражай қызметкері Б.Баяманова жастарға ата заңымыздың құрылымы мен тарихы туралы кең көлемде әңгімеледі. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлерінің«Конституция – табысты болашақ негізі» атты кітап көрмесінің ашылуы болды. Жастарға Ата заңымыз туралы сұрақтар қойылып, кештің соңында мұражайдағы жәдігерлер туралы  «Алтын сандық» ойыны ойнатылды.Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, консти­ту­ция­лық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая

берсін деген тілекпен мерекелік шарамыз аяқталды.

image0040
image0060