Среда 02 Марта 2016

 

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: жастардың зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында ауданымыздағы мұражайда «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Осы мақсатта, мұражайдағы іс-шараға ауыл ақсақалдары Сейілбеков Қуаныштай атамыз, Алғожин Шәйкен атамыз, Жаңқұтты би мешітінің бас имамы Махамбетшин Берік, аудандық орталық аурухана қызметкері Искандирова Тілеужан және аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері, агротехникалық колледж студенттері, сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназияның 8 «б» сынып оқушылары мен ата-аналары және осы сыныптың жетекшісі Серикова Алма белсене қатысты.

Іс- шарада колледж студенттері «Ата мен бала» атты көрінісін сахналап, көрермендердің алғысына бөленді."Нашақорлық қоғамдық дерт" слайды мен "Нашақорлық" атты деректі фильмі көрсетілді. Сонымен қатар, "Нашақорлық қауіпті дерт" атты Искандирова Тілеужанның баяндамасы көптің көңілінен шықты. Аталарымыз «Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс деп, жастарды жат қылықтардан аулақ болуға шақырды» өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Елбасының «Қазақстан-2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Осы іс-шарамыздың мақсаты- жастарымызды жат қылықтардан аулақ болуға

тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. Олай болса, салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, ағайын!