Вторник 20 Октября 2015
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан Халықаралық Қарттар күні болып белгіленіп, жыл сайын мерекеленіп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – қарияларға, жасы келген адамдарға, жалғысбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөліп, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Осы мақсатта біздің елімізде де іс-шаралар өткізіліп, түрлі мерекелік жобалар ұйымдастырылып тұрады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан Халықаралық Қарттар күні болып белгіленіп, жыл сайын мерекеленіп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – қарияларға, жасы келген адамдарға, жалғысбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөліп, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Осы мақсатта біздің елімізде де іс-шаралар өткізіліп, түрлі мерекелік жобалар ұйымдастырылып тұрады. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Осыған орай, ауданымыздағы мұражайда «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл жолы да атаулы күн ерекше қызықты да тартымды өтті. Мұражайға әдеттегіден көп аға буынды кісілер жиналды. Іс-шараны мұражай директоры Зәрубай Сүйіндікұлы бастап « қарт кісілерді терең ойлы, тұла бойы тұнған шежіре, өнегеге тұрарлық салиқалы мінезді қазақтың көнекөз қарттары – ұлтымыздың сарқылмас қазынасы десек артық айтпаспыз» деді. Мерекелік іс-шараға Ы.Алтынсарин мектебінің 7 б сыныбының оқушылары және осы іс-шараға атсалысқан сынып жетекшісі Алимқұлова Ж. өздерінің дайындап әкелген жыр шумақтарынан шашу шашып, аталарының алғысына бөленді. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сейілбеков Қуаныштай ағамыз, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Әлғожин Шайкен ағамыз, Жуасбаев Өкен атамыз, Түсіпханов Аман, Сүлейменов Жеңіс ағаларымыз оқушыларға өздерінің жүрекжарды лебіздері мен ақылдарын айтты. Сонымен қатар, шахматтан аталарымыз арасында жарыс өткізілді. Осы жарыстың жеңімпаздары : I орын Сүлейменов Ж, II орын Құрманғалин Т, III орын Айтжанов А. иеленді. Белсене қатысқаны үшін Хамзин Б. алғыс хат тапсырылды.
«Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» - деп Баласағұн атамыз айтқандай, біздің үлгі тұтарымыз ата-әже, әке-аналарымыз. Оларды сыйлау – ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан дәстүр.