Понедельник 27 Февраля 2017

 

3922

 

 

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен  өткізілген, облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі туризм феномені ретінде»атты жоба-презентацияға Шет археологиялық-этнографиялық музей қызметкерлері қатысты.

Биылғы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне байланысты туристік саяхатқа, туған жерге арналған туристік бағыт жасалынып, ол облыстық деңгейде қорғалды. Бағыт Қарағанды-Шет –Ортау мекендері бойынша тарихи ескерткіштерін, табиғат ерекшеліктерін, тарихи-мәдени орындарын шетел туристеріне насихаттау, көрсету белгіленіп отыр. Қарағанды – Шет – Ортау туристік бағыттары:

1.Талды қорымы. Талды ауылынан 7-8 шақырым жердегі «Қаражартас» қорғанында Дала пирамидасы орналасқан. Бұл Қазақстан тарихына 2016 жылы енген тың жаңалық. Ұлы даладан табылған пирамида қола дәуірінің «Беғазы Дәндібай»мәдениетіне тән. Пирамида үлгісіндегі қорым қабырғасы қатар-қатар алты қабат. Ұзындығы мен ені шамалас, жобамен 15 метрден асады. Қазба жұмыстарынан кейінгі биіктігі адам бойынан асады. Қорғанды зерттеп ашқан ҚарМУдің археологы, тарих ғылымдарының acheter du cialis en ligne кандидаты Игорь Кукушкин. Негізі «Беғазы Дәндібай» мәдениетін Әлікей Марғұлан ашқан. Бірақ бұл пирамида ғалымның еңбегінде көрсетілмеген. Пирамида үлгісіндегі табылған қорған бүгінде қазақ  даласында жалғыз.

2.Ақсу-Аюлы. Ақсу-Аюлы ауылы бұл күнде біздің ауданымыздың орталығы болып тұрған маңызы бар елді мекен. Ақсу-Аюлыда туристерге көрсететін құнды орындар мол. Солардың бірі Жанқұтты Ботантайұлы ескерткіші. Жанқұтты шешен Ақсу-Аюлыдағы Аюлы тауы баурайында туған. Отауызды, орақ тілді шешен болған. Тарихшы, шежіреші Мәшхүр Жүсіп Жанқұтты өз заманында ауызға ілігіп, көзге түскен шешен болған деген дерек келтірген. Ақсу-Аюлы орталығында жырау, шешен, жалынды ақын Шортанбай Қанайұлына арналған ескерткіш бар. Шортанбай Қанайұлы 1808-1881 ж.ж. өмір сүрген. Шортанбай халықтың  мұң мұқтажын билікке айта білген ақын. Шортанбай өлендері бұл күнде сол заманның бет бейнесін көрсететін құндылық.

3.Тұмсық елді мекені.Жидебай батыр мазары. Ақсу-Аюлы аудан орталығынан соң Тұмсық елді мекеніне тоқталамыз. Тұмысқ ауылы маңында Жидебай батыр мазары орналасқан. Жидебай батыр шамамен ХVIII ғ өмір сүрген. Абылай ханның беделді батыры, шешен адам болған. Шежірешілердің айтуанша Жидебай батыр 1730 ж. жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасына қатысқан дейді. Жидебайдың ержүректігінен халық арасында «Сарыарқадай жер қайда? Жидебайдай ер қайда?» деген нақыл сөз қалған.

4.Қармыс ауылы. Есбай бай күмбезі.Экспедиция маршрутына сәйкес Қармыс ауылы маңында Баймырзаұлы Есбай байдың күмбезіне тоқталамыз. Есбай бай ХIХ ғ өмір сүрген. 1860 жылдар шамасында Есбайға Қармыс өзені маңында күмбез тұрғызған. Күмбез саз балшықтан, сүт араластырып жасалған. Есбай байға Арқа өңірінде Үш жүз қазақтарын үйымдастырып ас берілген. Бұл Үш жүз қазақтарына берілген Арқадағы соңғы ас. Аста бір ғана Кіші жүздегі Тама руының қазақтарының өзі 60-тай киіз үй тіккен. Аста сойылған малдың қанына Қармыс өзенінің арнасы толған деген дерекетер халық арасында кездеседі.

5.Өспен ауылы. Успен мыс руднигі. Сәкен оқыған мектеп үйі. Успен мыс руднигі 1847-1964 ж.ж. арлығында жұмыс істеп тұрған. Бұл Қарағанды, Спасск руднигтерімен қатар ашылған Орталық Қазақстандағы алғашқы кен орындарының бірі. Кенішті ағылшындар ашқан. Картадағы «Белка» ойынының өзі ағылшындардан қазақ жеріне Успен мыс руднигіне келген. Кеніште 1905-1906 ж.ж. Қазақстан тарихындағы алғаш рет орыстармен қазақтардың біріккен ереуілі болған. Өспен ауылында кенішпен қатар тағы бір құнды ескерткіш орналасқан. Ол 1906-1909 ж.ж. ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин оқыған орыс-қазақ училищесі. Училище бұл күнде Сәкен таихи-өлкетану музейі атауымен халыққа қызмет етіп тұр.

6.Батыр басы. Байғозы батыр күмбезі. Тарих төрінен орын алар ірі тұлға Байғозы Наймантайұлы. Байғозы батыр 1705-1803 ж.ж. арлығында өмір сүрген. Қазақ-Жоңғар соғыстарында жоңғарлармен соғысқан Байғозы намысшыл, ержүрек болған. Әкесі Наймантай Қожа Ахмет Яссауи кесенсінде жерленген. Байғозы батыр күмбезі Жыланды ауылы маңына таяу жерде орналасқан. Кесене тастан қаланып салынған.Күмбез орналасқан жер «Батыр басы» деп аталады.

7.Ортау.Қарашілік.Ортау табиғаты әсем жер. Ортау ауылы Кеңес үкіметі тұсында КАРлаг құрамында болған. Отаудағы тау беткейіндегі талдар КАРлаг тұсында отырғызылған. Ортау тауларының  сан ғасырлық тарихи атаулары Кеңес үкіметі тұсында жойылған. Тау атауларын Кеңестік үкімет нөмірленген хутор атауына алмастырған. Ауызша аңыздарға сүйенсек Шыңғыс ханның баласы Жошы Ортау тауларына жыл сайын саятшылық құрған. Сол себептен тау биіктерінің біріне «Хан көлі» деген атау берген. Ортау тауларының бірінде табиғат сыйы «Жетіқұдық» орналасқан. Халық бұл күнде Жетіқұдық немесе Жетіқазан деп атайды. Тау басынан аққан бұлақ суы жеті қазан секілді шұңқырдан тасып ағады. Ортаудағы тағы бір әсем жер  Қарашілік. Қарашілікте ақын Сәкен Сейфуллин туған. Қаршілік қыстағында «Сандықтас тауы» орналасқан. Сандық секілді тау басына Сәкен шығып өлен жазған. Қаршілікте Сәкенге арнап ұрпақтары ескерткіш қойған.

Сонымен қатар, туған жер тарихын паш ету мақсатында Қарағанды, Астана қалаларынада көрме ұйымдастырып апару да қолға алынып отыр. 

 IMG 3979

 IMG 4139