Saturday 10 June 2017

 Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы балалар сауықтыру алаңына баруға асығады. Жылдағы дәстүр бойынша музей қызметкерлері де өткізетін іс-шараларының жоспарын жаңашалап, қызықты бағдарламалар ұйымдастырып отырады.

Жазғы балалар сауықтыру алаңына мектеп табалдырығын аттауға әзірленіп жүрген балалар мен 5 - сыныпқа дейінгі оқушылар келуде.

Ы.Алтынсарин мектебінің жазғы лагер балаларымен «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» тақырыбында ойын-викторина өткізілді. Ойын-викторина балалардың дұрыс демалуына көмектесу, олардың ой қабілеттерін кеңейту, кітаптардың көмегімен қызықты іс-шаралар арқылы жазғы демалысты мазмұнды етіп өткізу болып табылады.

Оқушылардың демалысын тек ойын түрінде ғана емес, олардың алған білімдерін арттыру мақсатына да көңіл бөлінген. Өйткені еліміздің дамуы және өркендеуі осы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да, қазіргі жас ұрпақ болашаққа біліммен, жақсы тәрбиемен, өнермен жетуіміз керек.