Tuesday 29 July 2014
Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайында 19 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай, «Музейдегі түн-2014» атты акциясы өтті. Халықаралық мұражай күні – бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Мұражай қызметкерлері бірнеше жылдар бойы халық қазынасы, тарихи- мәдени мұраларымызды жинақтап, сақтауда. Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайында 19 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай, «Музейдегі түн-2014» атты акциясы өтті.
Халықаралық мұражай күні – бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Мұражай қызметкерлері бірнеше жылдар бойы халық қазынасы, тарихи- мәдени мұраларымызды жинақтап, сақтауда. Баға жетпес мәдени мұраларымыз болмағанда тарихымызды танып, ғылым мен өнердің жаңа шындарына қол жеткізе алмаушы едік. 1977 жылы Халықаралық Музейлер Кеңесінің 11-конференциясында мамыр айының 18-і Халықаралық музей күні болып белгіленді. 1997жылы түнгі уақытта музей есіктерін өз келушілеріне алғаш рет Германия музейлері ашты. Бұл ізгі идеяны Еуропа және Ресейдің барлық музейлері қолдап, іле жалғастырып алып кетті. 2006 жылдан бастап еліміздің барлық музейлері де «Музейдегі түн» PR-акциясын өткізіп келеді. Қазіргі таңда музейлер қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. Акция барысында мұражайдың экспозициялық залдарына экскурсиялар ұйымдастырылып, арнайы ойын-сауық бағдарламалары өткізілді. Атап айтқанда, қонақтар үшін қолөнер бұйымдарының көрмесі, мектеп оқушыларының да жұмыстары қойылды, қолөнершілердің шеберлік кластары, мәдени – сауық орталығының концерттік бағдарламасы, «Түнгі дәмхана» және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылды.
Акция барысында әрбір қатысушыға мұражай тарапынан сыйлықтар табысталды.
Шара сағат 17.00 басталып, түнгі 22.00 аяқталды.
Бүгінде «Музейдегі түн» акциясы әлемнің 38 елінің 2 мыңнан астам мұражайында өткізіліп келеді.