Понедельник 23 Сентября 2013

Жүргізушілер:

1 жүр: Ассалаумағалейкум қадірменді қауым, құрметті қонақтар!

Бүгін біз Тағылы-Бұғылыдағы Құсмұрын қойнауы Нұраның

бойында дүбірлете басталған Айдаболұлы Дербісалы батыр

бабамыздың үш ғасырлық  мерей тойына арналған асқа

жиналып отырмыз.

2 жүр: Қазақ халқының елдігі мен тұтастығын жоңғар

қалмақтарымен болған барлық шешуші айқастарда найзаның

ұшы, білектің күшімен қорғаған даланың көкжалы, жекпе-

жектің көзсіз батыры, қолбасшы Дербісалы Айдаболұлының

үш ғасырлық мерей тойына арналған асқа қош келдіңіздер!

1 жүр: Армысың Қара Нұра иірімі,

Құсмұрын сағындым-ау биігіңді

Дербісал қорған болған қайран өңір,

Өзіңе алып келдім ән-күйімді

 

2 жүр:Тағылы-Бұғылым-ай жатырмысың,

Әр тасың секілденген батыр мүсін

Қырандар ұя салған қиясына,

Сарқылмас жыр-мекенсің ақын үшін

1 жүр:  Арнау сөз аудан әкімі Рысқали Қалиақпарұлына беріледі.

 

2 жүр: ...Құсмұрыннан қою бұлттар көшеді,

Куә болған сол қырғынға кешегі

Ат үстінен жұлып қайың-теректі

Қалың жауға қарсы шапқан деседі...

 

Құзар шың боп мекені де төсегі,

Басым жауға бірде бермей есені.

Түсімде де жиі көріп жүремін,

Ақбоз атпен атой салған мен сені.

1 жүр: Бүгінгі аста баяндама жасау үшін сөз аудандық

этнографиялық мұражайдың директоры, ақын, сазгер, күйші

Зәрубай Сүйіндікұлына беріледі.

 

2 жүр: «Арнау» орын: Айтбай Жұмағұлов

1 жүр:   Күй. З.Сүйіндікұлының «Дербісалы батыр толғауы».

Орын: автор

2 жүр: Дербісалы батыр бір ғана рудың немесе бір өңірдің танымал

тұлғасы емес, исі қазақтың айтулы перзенті, Ұлы Даланың

дарабоз өр тұлғасы. Олай болса сөз кезегі филология

ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мәдениет

қайраткері  Мәуен Хамзинге беріледі.

1жүр: Дербісалы Айдаболұлы-көзсіз батырлығымен,

қолбасшылығымен ғана әйгілі болып тарихта қалған жоқ,

шешендігімен, көсемдігімен, әділ билігімен де ел жадында

қалған тарихи тұлға.

2 жүр: Батыр ұрпағының атынан сөз кезегі Жақсыбеков Социал

ағаға беріледі.

 

1 жүр: Тигенде таңдайыма бал бұлағы

Өмірдің шешілгендей сан сұрағы

Дербінің аты шулы найзасындай

Құз таулар көк аспанға шаншылады.

2 жүр: Биігі көмкерілген гүлге етегі

Айбыны асқақтайды мәңгі ертегі

Тағылы-Бұғылым-ай шежіремсің,

Ұлылық, сұлулықтың сен мекені

 

1 жүр: Сөз  астың бағдарламасымен таныстыру үшін асты

ұйымдастыру комиссиясының төрағасы Төлепберген

Әбеуовке  беріледі.

2 жүр: Бүгінгі Дербісалы бабаның үш ғасырлық асына арнайы

шақырылған Халықаралық «Шабыт» конкурсының

лауреаты, облыс әкімінің «Қайнар» сыйлығының иегері,

Қали Байжанов атындағы облыстық «Арқа сазы» ансамблін

қошеметпен қарсы алыңыздар!

«Арқа сазы» ансамблінің мерекелік концерті  (45 мин)

Аудандық мәдени-сауық орталығының мерекелік

концерті (4-5 номер)