Понедельник 17 Июля 2017

 

26 02 2017Шет аудандық археологиялық - этнографиялық музейінде 4 шілде күні «Астана – менің жүрегімде» атты Астана күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Аталмыш мерекеге ауданымыздағы «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндері мен ұжымы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – елдік мерекеге өзіндік үн қосу, музейге бүлдіршіндерді тарту. «Қиялымдағы қала-бүгінгі шындық символы» тақырыбы бойынша  Бас қала – Астана туралы сурет салғызу, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру.

Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырған музей қызметкерлері Салтанат Қамытбаева мен Бархыт Баяманова елордамыз туралы «Астана - туған елдің жүрегі» атты көрмеге экскурсия жасады.  Астана қаласының әдемі фотосуреттерімен таныстырып, балалардың қызығушылығын оятты және де елордамыздың тарихы туралы қызықты әңгімелер айтып берді. Балабақша бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін ортаға салып, Астана туралы тақпақтар айтып, ән салды. Әнұранды шырқай орындады. Бүлдіршіндердің салған суреттері көрмеге қойылды. Астана биыл «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуде. Халықаралық дәрежедегі спорттық ойындар мен әлемдік ауқымдағы басқосулар өтетін, сәні мен салтанаты келіскен XXI ғасырдың көркем сәулетті қаласы – Астана арман емес, азғана уақыт аралығында қолымыз жеткен шынайы тарихи жетістік. Іс-шара соңы музейге саяхатпен жалғасты.

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын, Астана мерекесі.

 

Б.Баяманова, музей қызметкері.

26 02 2017   26 02 2017