Пятница 03 Июля 2015

 

Тағы да мұражай қызметкерлері 2 шілде күні «Астана-менің жүрегімде» атты Астана күніне арналған мерекелік іс-шарасын өткізді. Аталмыш мерекеге ауданымыздағы «Нұрдәулет» балабақшасының бүлдіршіндері мен ұжымы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – елдік мерекеге өзіндік үн қосу, көңілді орта қалыптастыру. «Астана – балалар көзімен!» тақырыбына, Бас қала – Астана туралы сурет салғызу, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру.

Сонымен қатар, халықаралық дәрежедегі спорттық ойындар мен әлемдік ауқымдағы басқосулар өтетін, сәні мен салтанаты келіскен XXI ғасырдың көркем сәулетті қаласы – Астана арман емес, азғана уақыт аралығында қолымыз жеткен шынайы тарихи жетістік.