Saturday 20 May 2017
Қарағанды облысының әкімі мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін 2017 жылғы 19 мамыр күні Қарағанды қаласында кәсіби мереке қарсаңында ең үздік мәдениет және өнер қызметерлеріне сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты шара К.Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында өтті.
«Мен бүгін мына залда жасаған еңбектері зор әрі баға жетпес танымал әртістерді, acheter viagra атақты суретшілерді және режиссерлерді, мәдениет қызметкерлерін көріп отырмын. Біздің Сарыарқамыз ғасырлар бойы өз дарындыларымен әйгілі. Қарағанды - еліміздің мәдени орталықтарының бірі, - деп құттықтау сөздерін жеткізді облыс әкімі Ерлан Қошанов - Біздің мақтан тұтар тұстарымыз жетерлік. Қарағандылық әртістер әлем сахналарда өнер көрсетеді, жергілікті театрларымыздың залдары көрерменге толы. Біздің кітапханаларымыз бен мұражайларымыз үлгілі боларлықтай», - деді.  Мәдениет саласының үздік қызметкерлеріне тағайындалған әр сыйлық сертификаты 200 мың теңгені құрады. «Жылдың мұражай қызметкері» номинациясын  - Салтанат Қамытбаева Дартайқызына - Шет аудандық археологиялық -этнографиялық музейінің басшысының  орынбасарына табыс етілді.