Wednesday 11 March 2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай аудандық мұражайда Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, тыл еңбеккері, жерлесіміз Пәну Әбдіқасова атында шахматтан 60-80 жас аралығындағы ардагерлерге арнап наурыздың 11 күні турнир өткізілді.

Алғашқы сөзді мұражай қызметкері Салтанат Қамытбаева ашып, тыл ардагері, шахматшы Пәну Әбдіқасованың өмірі мен еңбек жолына шолу жасап, Ұлы Отан соғысы жылдары өрімдей қыз баланың тылдағы еңбектері жайлы кең көлемде айтып өтті.

Іс-шараға қатысушы ардагерлер әйгілі шахматшы Пәну Әбдіқасова жайлы әңгімелер айтып, https://www.acheterviagrafr24.com/viagra-ordonnance/шахмат пен білімді ұштастырып жүргендегі еңбек жолдарын кеңінен қызықты етіп айтып берді. Пәну апайдың төл құрдасы Шәйкен Әлғожин шахматшы Пәнудің жасынан зерек, алғыр болғандығын, мектеп қабырасында жүріп-ақ танымал шахматшы, оқушының алды болғанын, мектепті алтын медальға бітіргендігін, еңбекте де белсенді болғанын айтты.

Іс-шараға қатысушы ардагерлер ҚР чемпионы Пәну Әбдіқасова атында жыл сайын турнир өткізіп тұру туралы ұсыныс жасады. Осы жарыстың жеңімпаздары: І орын Дәрімбаев Н,  ІІ орын Құрманғалин Т,  ІІІ орын Сүлейменов Ж. иеленді.

Мұражай директоры Зәрубай Сүйіндікұлы осы біріншілікке белсене қатысқан барлық үміткерлерге алғысын білдіріп, сый-сияпат тапсырды.